Fake News

Қазнетте чектерді қолдан жасау туралы видео таратылуда

Желіде Тelegram-бот арқылы банктік чекті қолдан жасаған пайдаланушының видеосы тарады. Kaspi.kz мамандары алаяқтықтың бұл түрінің құрбаны болмаудың жолдарымен бөлісті.

Kaspi.kz мамандарының айтуынша, қазіргі кезде жалған чектер шығаратын бот бұғатталды. Алайда, алаяқтар графикалық редакторлардың және өзге де бағдарламалардың көмегімен электрондық құжаттарды қолдан жасауы мүмкін.

– Алаяқтардың құрбаны болмас үшін әрқашан сақ болуға және Kaspi.kz мобильді қосымшасында ақшаның түскенін бірден тексерулеріңізді сұраймыз . Қаражаттың әрбір қозғалысы: сатып алу, алу, толықтыру немесе аудару бойынша «Хабарламалар» сервисі арқылы хабарлама келеді. Сондай-ақ, барлық операциялардың тарихын Kaspi Gold-та «Менің Банкім» бөлімінен көруге болады. Мұндай қарапайым сақтық шарасы көп уақытты қажет етпейді, бірақ баршаңызды алданып қалудан сақтайды», – деді Kaspi.kz мамандары.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button