Fake News

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті пошта жәшіктерінен табылған өмірге қауіпті әтір су туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Қазнетте өлімге әкелетін әтір су туралы ақпарат тарады. Танымал брендтердің қауіпті парфюмериясын пошта жәшіктеріне салып кетеді екен. Бұл фейк.

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі бұл хабарламаға қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерде тараған жаңа жылдық акция аясында пошта жәшіктеріне салып кететін және иіскегеннен кейін өлімге әкелуі ықтимал қауіпті әтір су туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай хабарлама бұған дейін шетелдерде тараған және жалған.

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өнімге, оның ішінде қауіпті болуы ықтимал өнімге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Барлық азаматтарды сақ болуға, күмәнді ақпаратқа сенбеуге және ресми дереккөздерден алынған фактілерді басшылыққа алуға шақырамыз», – делінген ҚР ҚСЭК хабарламасында.

Мұндай хабарлама интернеттің ресейлік және беларусьтік сегменттерінде де тараған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button