Қазнетте жалған брокерлер ұрлаған қаражатты қайтару туралы жарнама тағы да таралуда

Instagram әлеуметтік желісінде тараған жарнамада жалған брокерлер мен крипто-алаяқтар жазаланады, ал зардап шеккендер өз ақшаларын қайтарады делінген. Ақшаны қайтару үшін 72 сағат қажет екен. Бұл жолы киберқылмыскерлер ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайыловтың суретін пайдаланған. Бұл алдау әрекеті.
Алаяқтар ескі схемамен әрекет етуде. Олар мемлекеттік ұйымдардың қолдауын ұсынады – жарнамада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне баса назар аударылып, белгілі қазақстандықтардың суреттері пайдаланылған. Алаяқтар ҚР Жоғары аудиторлық палатасының басшысы Әлихан Смайыловтың суретімен хабарландыруға адамдардың назар аударады. Алайда, аталған мемлекеттік ұйымның ресми сайтында жалған брокерлер ұрлаған қаражатты қайтару жөніндегі бағдарламаны іске қосу туралы ақпарат жоқ.
Жарнамада өтініш беріп, маманның қоңырауын күту керек делінген. Деректеріңізді күмәнді сайттарда қалдырмаңыз – осылайша алаяқтарға жеке ақпаратты беруіңіз ықтимал, ал олар оны өз мүддесіне сай пайдаланады.
Біз сайтымызда осындай бірнеше жарнаманы теріске шығардық. Бұған дейін осындай схемада алаяқтар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің, ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің суреттерін пайдаланған.