Fake News

Фейк: «Адамдарға ПТР-тест деп мұрын спрейі түрінде вакцина егіледі»

Қазнет пайдаланушылары ПТР тестілеу деп адамдарды жасырын түрде вакцинациялауы мүмкін екендігі туралы хабарлауда. Ресейде спрей түріндегі иммундауға арналған препарат жасалған екен. Бұл болжам қате, неге екенін түсіндірейік.


SPRAY 08 – Гам-КОВИД-Вак-202» деп аталатын спрей түріндегі вакцина тек клиникалық сынақтар жүргізуге ғана рұқсат алды. Сынақтар әлі басталған жоқ. Оның барлық кезеңдерін 2023 жылдың 31 желтоқсанында ғана аяқтау жоспарланған. Осы уақытқа дейін вакцинаны клиникалық зерттеулерден тыс жаппай қолдануға тыйым салынады.
Препараттың клиникалық зерттеулеріне келісім берген ересек адамдар ғана қатыса алады. 
Яғни, біреуді КВИ қарсы спреймен жасырын түрде егу мүмкін емес. Біріншіден, препарат енді ғана клиникалық сынақтардан өтуде, екіншіден, мұндай вакцина жаппай өндіріске әлі жіберілген жоқ.
Сонымен қатар, ПТР тестілеу үшін биоматериалды алу түрінде мұрынға бір нәрсе себу мүмкін емес. Өйткені, талдау алуға арналған үлгілер ұшында вискозадан немесе басқа материалдан жасалған тампоны бар арнайы таяқшамен алынады. Мұндай таяқшамен қандай да бомласын сұйықтықты шашу мүмкін емес.
Бұған дейін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда балаларды мұрынға арналған спрей түріндегі препаратпен вакцинациялайды деген қауесетті жоққа шығарған болатын.

Фейк: «Мектеп оқушылары ата-аналардың келісімінсіз мұрынға арналған спрей түріндегі препаратпен егіледі»

Демек, адамдардың келісімінсіз вакцинациялауы мүмкін екендігі туралы теория жалған. Мұрын спрейі түріндегі вакцина 2023 жылдың соңына дейін клиникалық сынақтан өтеді, ал ПТР тестілеу үшін материалды алу процедурасы мұрын қуысына сұйықтық шашу арқылы жүргізілмейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button