Fake News

Коронавирус бедеулік тудырады – фейк

Желіде COVID-19 ерлерде бедеулікке әкелуі мүмкін деген ақпарат таратылуда. Бұл туралы хабарлама наурыз айында Қытайдың Хубэй провинциясының Халық үкіметінің сайтында шыққан. Бірнеше сағаттан кейін мақала жойылды, бірақ ірі жаңалық порталдары ақпаратты қайта басып үлгерген.

Sars-coV-2 вирусының репродуктивті функцияларға әсер етуі мүмкін екендігі туралы теория Хуажонг ғылым және технология университетінің Тунцзи репродуктивті медицина орталығының ғалымдар тобының зерттеуіне негізделген. Зерттеу клиникалық расталған жоқ. Оны жариялаған платформада оны клиникалық нұсқаулық ретінде пайдалануға болмайтыны туралы жазылған.

Мақаланың өзінде COVID-19-дың ерлердің фертильділігіне әсері жаңа коронавирустың SARS вирусымен ұқсастығына негізделген теория екендігі айтылған.

«Қазіргі кезде жаңа коронавирустық инфекция тестикулаға зиян тигізетінін және оның ерлердің фертильділігіне әсер ететінін растайтын зерттеулер жоқ», – деп жазады BBC.

Бұған дейін SARS вирусының ерлердің жыныс мүшелерінің тіндерінде қабынуды тудыратыны дәлелденген, алайда бірде-бір пациент аурудан кейін пайда болған бедеулік немесе фертильділікке қатысты басқа асқынулар туралы айтпаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында ерлердің бедеулігіне әкелуі мүмкін мәселелердің тізімі бар. COVID-19 да, басқа вирустық аурулар да бұл тізімде жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button