Fake News

Конспирология: «Желіде иллюминаттар тізімі тарады»

Қазақстандықтар мессенджерлерде «Иллюминаттар» құпия қоғамдастығы мүшелерінің тізімін таратуда. Хабарламада айтылғандай, онда көрсетілген адамдар әлемді жасырын түрде басқарады және белгілі бір «жаңа әлемдік тәртіпті» орнатуға тырысуда. Бұл жалған.

Біріншіден, қазіргі заманда иллюминаттардың құпия қауымдастығы жоқ. Әр уақытта осылай аталған төрт қауымдастық болған, ең соңғысы, бавариялық иллюминаттар 1784 жылы ыдыраған. Бұл ұйымның негізін қалаушы Ағарту идеалдарына берік сенген неміс заң профессоры Адам Вейсгаупт. Ол өз ізбасарларымен бірге оны элита арасында таратуға тырысқан. Вейсгаупт қоғамдастық мүшелері билікке келгенде саяси шешімдерге ықпал ете алуы үшін рационалды ойлауға, қайырымдылық негіздеріне және басқа да зайырлы құндылықтарға үйретпек болған. Алайда, 1984-1985 жылдары Бавария курфюрсті Карл Теодор барлық құпия қоғамдастықтарға тыйым салып, оларды жою бойынша бірқатар шаралар қабылдады.

Иллюминаттар тарихы осымен аяқталады. Дегенмен, бұл мәдениетте құпия білімі бар әлемдік билеушілердің есімдері әлі де бар. Дэн Браунның «Періштелер мен жындар» сияқты кітаптар мен фильмдер осы тақырыпқа деген қызығушылықты оятады.

Конспирологиялық теорияларды жақтаушылар иллюминаттар әлі де бар және әлемді жасырын түрде басқарады деп санайды. Желі қолданушыларының айтуынша, танымал әнші Beyoncé мен оның күйеуі Jay-Z иллюминаттарға жатады екен. Бұған ешқандай дәлел жоқ. Мұндай құпия қоғамдастықтың болуы туралы теория халықаралық және егемен елдердің заңдары мен конституцияларына қайшы келеді.

Екіншіден, бүгінде қазақстандықтар бір-бірімен бөлісіп жатқан тізім Желіде 2016 жылы тараған және мүлдем өзгермеген. Өткен жылдары оған ешқандай дәлел табылмаған.

Үшіншіден, онда аты-жөні көрсетілген кейбір адамдар тізім жасалғанға дейін қайтыс болған. Мысалы, көрнекті мәдениет қайраткері Кеннет Кларк 1983 жылы дүниеден өткен. Саясаткер, Израильдің бұрынғы премьер-министрі Шимон Перес 2016 жылдың қыркүйегінде, яғни «иллюминаттар тізімі» шыққан кезде көз жұмған. Сондай-ақ, Елизавета II күйеуі ханзада Филлип 2021 жылдың 9 сәуірінде қайтыс болды.

Тараған хабарламада бұл фактілердің ешқайсысы көрсетілмеген.

Иллюминаттардың құпия қауымдастығы 1984 жылы қызметін тоқтатты. Әлемді басқаратын құпия орден қазір жоқ. Ал оның барын болжайтын теориялар дәлелденбеген және қастандық теориялары болып табылады. Қоғамдастық мүшелерінің тізімі шын бола алмайды, сондай-ақ көрсетілген кейбір адамдардың қайтыс болғанына қарамастан, тізім бес жылдан бері еш өзгермеген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button