Fake News

Қол кептіргіштер SARS-CoV-2 вирусын өлтірмейді

Желі қолданушылары қарапайым электр кептіргіштер COVID-19 вирусын өлтіруі мүмкін деген ақпаратпен бөлісуде. Бұл тұжырымдама – фейк.

 

Ганалық медбике Мэри Уилсон бұл туралы видео түсіргеннен кейін COVID-19 кезінде электр кептіргіштердің тиімді екендігі туралы қауесет тарады. Ролик әлеуметтік желілерде тез тарады. Қазір Facebook-те оған мазмұнында жалған ақпарат бар деген белгі қойылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары медбикенің теориясымен келіспейді. Олар оны ресми сайтта жоққа шығарды.

– Электр қол кептіргіштер 2019-ncov вирусын өлтірмейді. Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін қолды құрамында спирт бар антисептикпен үнемі өңдеп отыру керек немесе сабынмен жуу керек», – делінген мәтінде.

Дегенмен, дымқыл қолды кептіргішпен кептіру ұсынылады, өйткені әдеттегі сүлгілерде оны бұрын қолданған адамнан кейін бактериялар мен вирустар қалуы мүмкін. Егер жақын жерде электр кептіргіш болмаса, сарапшылар бір реттік қағаз сүлгілерді қолдануға кеңес береді.

Дәрігерлер аурудың алдын алу шарасы ретінде қолды антисептикпен өңдеуге, сондай-ақ бетперде тағуға және адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді.

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button