Жаңалықтар

Фейк:«COVID-19 қарсы вакциналар іс жүзінде вакцина емес»

Telegram чаттарда қазақстандықтар доктор Ларри Палевскидің бейне сұхбатымен бөлісуде, ол COVID-19-ға қарсы вакциналар іс жүзінде вакцина емес, ал олардың тиімділігі туралы мәлімет жоқ дейді. Бұл жалған.

Доктор Ларри Палевски – АҚШ-тың Нью-Йорк штатында Суффолк округінде жұмыс істейтін педиатр. Ол вакцинацияға қарсы. 2019 жылы ол қызылша ауруы кезінде ата-аналарды балаларға вакцина салдырмауға көндіргені үшін сынға ұшырады. Ол кезде 1249 адам ауру жұқтырды, олардың көбі бұрын вакцина алмағандар. Оның ішінде 13% – ы сәбилер, 31% – ы бір жастан төрт жасқа дейінгі балалар, тағы 27% – ы 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Telegram арналарда талқыланған видеода ол COVID-19-ға қарсы вакциналар мүлдем вакцина емес, өйткені олардың құрамында вирустар немесе бактериялар жоқ деп мәлімдейді. Бұл ғылымға қарсы.
Біріншіден, COVID-19 қарсы вакциналар бірнеше платформаларда жасалды, ал кейбір дәрі-дәрмекте тұтас патогендер бар. Екіншіден, вакциналар бірнеше типке бөлінеді, олардың кейбіреулерінде патогендер болмайды. 
V вакциналарының түрлері:
– Инактивтелген. Оларда өлтірілген вирус немесе бактерия болады. Мұндай препараттарға тұмауға, А гепатитіне және құтыруға қарсы вакциналар мысал бола алады. COVID-19 қарсы отандық вакцина QazVac та, Қазақстанда қолжетімді Hayat-Vax та белсенділігі жойылған вакциналар болып табылады.
– Тірі аттенуирленген. Олардың құрамындағы бактериялар мен вирустар әлсіз және ауру тудырмайды. Бұған мысал ретінде қызылша, шешек, сары безгек, ротавирусқа қарсы вакциналарды келтіруге болады.
– мРНҚ вакциналары. Олар тұтас патогенді емес, вирустың матрицалық РНҚ қолданады. COVID-19-ға қарсы кейбір вакциналар осы әдіспен жасалды. Қазақстанда мұндай жолмен әзірленген препараттар бүгінгі күні жоқ.
– Суббірлікті, рекомбинантты, полисахаридті және конъюгацияланған. Оларды өндіру үшін микробтың бір бөлігі ғана қолданылады- ақуыз, көмірсулар немесе микробтың қабығы. Осы әдіс негізінде В гепатиті, HPV, пневмококк инфекциясы, белдемшелік теміретке және басқа аурулардың алдын алуға арналған препараттар жасалды.
– Анатоксин. Оларда тек токсин, аурудың қоздырғышы шығаратын зиянды зат бар. Сіреспе мен дифтерияға қарсы вакциналар мысал бола алады.
– Векторлық. Оларды жасау үшін аденовирус векторы вирустың Спайк ақуызын кодтайтын геноммен бірге қолданылады. Қазақстанда қолданылатын «Спутник-V» вакцинасы дәл осылай жасалған.
Демек, тиімді вакцина жасау әдістері көп, олардың тек екеуінбе ғана тұтас, өлтірілген немесе әлсіреген патоген қолданылады.
Доктор Палевскидің COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігі туралы мәлімет жоқ деген тұжырымы да дұрыс емес. Иммундау үшін қолдануға рұқсат етілген препараттардың тиімділігі клиникалық сынақтар барысында зерттелді. Препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ақпарат баршаға қолжетімді.

Вакциналардың құрамы, жанама әсерлері және сынақ нәтижелері туралы мәліметтерді мына жерден табуға болады:
Moderna
Pfizer/BioNTech
Janssen
Sinopharm (Hayat-Vax)
Sputnik-V
QazVac
Қорыта айтқанда, Желіде вакциналар мен олардың өндірушілері туралы мәліметтер жеткілікті.
Демек, доктор Ларри Палевскидің сөздері негізсіз және ғылымға қарсы. Тиімді вакцина жасау үшін патогенді толықтай пайдалану қажет емес, ал COVID-19 алдын алатын дәрі-дәрмек туралы мәліметтерді оңай табуға болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button