Fake News

Фейк: «ПТР тест те асбест сияқты қауіпті»

Әлеуметтік желілерде кәсіби маман Антониетта Гатти ашқан жаңалық талқылануда. Оның пайымдауынша, ПТР сынақтарын тапсыру асбестпен жұмыс істегендей қауіпті. Биоматериал алуға арналған стиктерде шыны талшықтар, алюминий, күміс және басқа да зиянды заттар болады екен. Бұл жалған.


Доктор Гаттидің жаңалығы туралы мақаланың түпнұсқасы Daily Expose британиялық онлайн-басылымда жарияланды. Бұл портал қастандық теориялары мен псевдоғылыми идеялар тарататынымен белгілі. 
Мақалада автор кейде доктор Гатти үшін «талшықтардың көміртектен немесе мақтадан жасалғанын анықтау мүмкін болмағанын» айтады. Бірақ іс жүзінде бұл екі материал құрылымы жағынан ерекшеленеді.  Сонымен қатар, профессордың ПТР талдауына биоматериал алуға арналған стиктер мақтадан жасалуы тиіс деген болжамы да күмән тудырады. Бұл олай емес. Мұндай құралдар тек синтетикалық материалдардан ғана жасалады. Бұл органикалық тіндердің жасушалары биоматериалға түспеуі үшін қажет.
АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы синтетикалық материалдардан жасалған ПТР зондтарын қолдануды талап етеді. 
Олардың ұшы көп жағдайда полиэстерден немесе вискозадан, ал өзегі икемді пластиктен жасалады. Бұл пациентке ыңғайсыздық туғызбай, жұтқыншақтан жақпа алуға және биоматериалды талдау үшін қолайлы күйде сақтауға мүмкіндік береді.
ПТР талдауы жиынтығын жасау кезінде шыны, күміс, алюминий немесе басқа металдар пайдаланылатындығы туралы мәліметтер жоқ.
ПТР талдауын алу процедурасы қарапайым және қауіпсіз, оны мамандар бірнеше рет растады.
ПТР талдауын тапсыру барысын асбестпен жұмыс істегенмен салыстыруға негіз жоқ. Асбесттің әсерінен өкпе, көмекей және аналық без қатерлі ісіктері, сондай-ақ мезотелиома (плевра қатерлі ісігі және перитонеальды қатерлі ісік) дамуы мүмкін. Асбесттің әсерінен асбестоз (өкпе фиброзы) және плевра бляшектері, қалыңдауы және эффузия сияқты басқа да аурулар туындайды.
ПТР талдауның мұндай салдары жоқ.
Қорыта айтқанда, ПТР-тестілеудің қауіптілігі туралы хабарламалар – фейк. Дереккөз өте сенімсіз, ал теорияның өзі расталмаған және фактілерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button