Fake News

Дәлелсіз: «Вакцинацияланған адамдардың қан талдауы нанобөлшектердің барын көрсетті»

Желіде нутрициолог-микроскопист COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдардың қанын зерттеп, одан қан жасушаларын зақымдайтын және ағзадан шығарылмайтын нанобөлшектер тапқан деген хабар тарады. Бұл мүлдем дәлелденбейді.

25 мамырда Желіде «микроскоп астындағы қанның» суреттері бар пост жарияланды. Ол берден кеңінен тарады: оны грек, жапон, итальян, ағылшын, орыс және басқа тілдерде кездестіруге болады.
Бір қызығы, аудармаға қарамастан, мәтіннің мазмұны өзгермеген және фейктің барлық белгілері бар. Пост өз саласының нағыз маманы, нутрициолог-микроскопист болып істейтін құрбының атынан жазылған. Мәтінде оның аты-жөні, жұмыс орны, тұрғылықты жері көрсетілмеген.
Одан әрі, мәтінде суреттерге қысқаша сипаттама беріледі. Түсіндірмеде бұл қандай жасушалар екендігі, олардың сипаттамалары мен ерекшеліктері айтылмаған. Автордың айтуынша, суреттерде «сау» және «зақымдалған» жасушалар, сондай-ақ нанобөлшектер деп санайтын «ақ нүктелер» көрінеді.
Айта кетейік, фотосуреттердің өздері постта айтылған оқиғаға сәйкес келмейді. Мәтінде автор пациенттерден қан талдауы вакцинациядан кейін ғана алынғанын, ал фотосуретте препаратпен егілгенге дейінгі «сау» жасушалар да көрсетілгенін айтады.
Микроскопистке сілтеме берілген хабарламада анықталған «нанобөлшектер» ағзадан шығарылмайды және қан жасушаларын зақымдайды делінген. Бірақ бұл үшін қандай тәжірибелер жүргізілгені мәтінде түсіндірілмейді.
Хабарламадағы суреттерде көрсетілген «қан жасушаларының» көрінісі адам қанының микроскоп астындағы көрінісінен өзгеше. Суреттерде дөңгелек жасушалар өте жақсы көрінеді, ал адамның қаны сәл тегістелген пішінді қызыл қан жасушаларынан және дөңгелек, тұрақты емес пішінді лимфоциттерден тұрады.
Сонымен қатар, вакцинацияланған адамның қан талдауын сенсация деп айту қиын – вакциналар сыналған еріктілердің қаны клиникалық зерттеулер кезінде тексерілді. Вакцинациядан кейін көптеген адамдар антиденелердің деңгейін анықтау үшін қан талдауын тапсырады. Бірақ қанда табылған нанобөлшектер немесе басқа бөгде заттар туралы хабарланған жоқ. 
Алайда, COVID-19 қарсы кейбір вакциналарда нанобөлшектер қолданылатыны рас. Олардың микроскопиялық роботтарға еш қатысы жоқ. «Нано-» сөз алды қосымшасы оның көлеміне байланысты өолданылған. Липидті нанобөлшектер PFIZRT-BioNTech және Moderna сияқты РНҚ вакциналарында қолданылады. Олар мРНҚ-ны жасушаға тасымалдауға қызмет етеді. Бұл өз кезегінде иммундық жүйенің патогенді танып, оған антиденелер қалыптастыру үшін қажет. Мұндай нанобөлшектер зиянсыз және қан жасушаларына немесе ағзаның басқа жүйелеріне әсер етпейді.
Қазақстанда РНҚ вакциналары қолданылмайды. Ел тұрғындары аденовирустық векторы негізінде жасалған «Спутник V» ресейлік препаратымен, отандық белсенді емес QazVac вакцинасымен және белсенді емес вирусы бар қытайлық Hayat Vax препаратымен егіледі.

Қорыта айтқанда, вакцинацияланған адамдардың қанындағы зиянды нанобөлшектер туралы хабарлама негізсіз. Дереккөз белгісіз, ал мәтіннің өзі нақты фактілерді көрсетпестен жазылған. COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғандардың қаны бірнеше рет талдандып, одан бөгде бөлшектер табылған жоқ. РНҚ вакциналарында қолданылатын липидті нанобөлшектер зиянсыз. Қазақстанда мұндай препараттар вакциналау үшін қолданылмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button