Fake News

Фейк: «Бүгін түнде Марстың «жұлдыздары» жерге жақын болғандықтан, радиация мөлшері артады»

What’sApp мессенджерінде түнде ұялы телефондарды өшіруге шақыратын хабарлама тарады. Автор, бүгін 00.30-дан 3.30-ға дейін «Марстың кішкентай жұлдыздары» жерге жақын өтеді, нәтижесінде планетамыздың радиациялық фоны едәуір артады деп жазады. Бұл – фейк.


Автордың айтуынша, маңызды ескерту CCTV-13 телеарнасынан хабарланған. Бұл онлайн режимде хабар тарататын қытайлық телеарна. Бірақ бағдарламалардан «Марс» және «радиация» сөздерімен іздеу еш нәтиже бермеді. Ғарыштаны объектілердің жерге жақындағаны жайлы да алаңдатарлық ақпарат басқа ешбір БАҚ-та хабарланған жоқ.
Жер мен Марсты қамтитын Күн жүйесінде тек бір ғана жұлдыз бар – Күн. Ғалымдардың болжамынша, алдағы бірнеше ғасырда ол апатқа әкелетіндей Жерге жақындамайды.
Хабарлама авторы қателесіп, «жерсеріктердің» орнына «жұлдыздар» деп жазған болар. Дегенмен, бұдан хабарлама шынайы болмайды. Марстың екі жерсерігі бар – Деймос және Фобос. Олар салыстырмалы түрде кішкентай және астероидтар болып табылады. Көлемі шағын болғандықтан екі жерсерік те «ажалды» деп аталады. Ғалымдардың болжамынша, шамамен 100 миллион жылдан кейін Фобос Марсқа өте жақын тартылып, планетаның беті жарылады. Қазірдің өзінде екі жерсерік те, Фобос та, Деймос та Марсқа жақындай түсуде.
Яғни, жерсеріктер планетаның гравитациялық күшін еңсеріп, ашық ғарышта ұшып, Жерге жете алмайды. Былайша айтқанда, олар Марсқа өзінің тартылыс күшімен «тәуелді».
Сонымен қатар, Жердің магнит өрісі мен атмосфера біздің планетамызды Күн мен ашық ғарыштан шығатын сәулеленудің көптеген түрінен қорғайды.
Демек, ұялы телефондарды өшіруге шақыратын хабарлама фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button