Адам шығынымен аяқталған оқиға басқа елде болған
Желіде адамдардың сығылысып қалғаны түсірілген кадрлар таратылуда. Оқиға салдарынан бес адам қайтыс болып, үшеуі жансақтау бөліміне түскен. Видеоның жазбасында бұл Нұр-Сұлтанда орын алған жағдай делінген. Бұл олай емес.
Назар аударыңыз! Видеода оқиға орнында қаза тапқан адамдар көрсетілген.
Кадрларда адамдар тобы көп қабатты ғимараттың жоғарғы қабатындағы галереяның ішімен келе жатыр. Адамдардың салмағын көтере алмаған таяныштардың бұзылуы салдарынан бірнеше адам құлаған..
Бұл қайғылы оқиға Боливияда Эль-Альто университетінде орын алған. Экономика, қаржы және әкімшілік ғылымдар факультетінің студенттері жиналысқа бара жатқан.
Бұл оқиғаның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Видеоның Нұр-Сұлтанда түсірілгені туралы мәлімдеме – фейк. Оны видеода адамдардың не қазақша, не орысша сөйлемейтінінен де байқауға болады.
Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.