Fake News

Фейк: «Атақты адамдарды андроидтар алмастырады»

Қазнет пайдаланушылары ханзада Гарри мен оның жұбайы Меган Марклдың қатысуымен өткен іс-шара кадрларын таратуда. Меган Марклдың сырт келбеті қазақстандықтарға ерекше әсер қалдырды, кейбіреулерінің пікірінше, Сассек герцогинясын андроид роботпен алмастырған. Бұл жалған.

Шын мәнінде, видеода құрметті адамдар емес, ал балауыз мүсіндер мадам Тюссо музейінен алынған. Музей ханзада Гарри мен Меган Марклдің «жанды» фигураларын 2018 жылы көпшілік назарына ұсынған.
Бұл адам тәрізді роботтар емес, ханзада мен оның жұбайына ұқсас балауыз маскалар таққан актерлер.
Балауыз мүсіндер музейінде патшаның отбасының басқа да өкілдерінің «егіздері» бар. Тұрақты экспозицияда Патшайым Елизавета II, Кембридж герцогы мен герцогинясы және ханзада Чарльз бен оның әйелі Камилла бейнеленген. Бұл фигуралардың барлығы статикалық. ()емек, әйгілі адамдарды андроидтермен алмастыратыны туралы хабарламалар – фейк. Видеода мадам Тюссо музейінің балауыз маскаларын таққан актерлер көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button