Fake News

Фейк: «Вакцинацияланғандарға жыл сайын 5G чиптерін жаңарту ұсынылады»

Қазнет қолданушылары Telegram арналарында Ресей билігі өз азаматтарына COVID-19 қарсы вакцина алу кезінде орнатылған 5G чиптерін жыл сайын жаңартып отыруды ұсынады деген жаңалықты талқылауда. Мұндай қызмет қазақстандық egov.kz сервисінің ресейлік аналогы Gosuslugi.ru ресми порталында ұсынылады екен. Бұл фейк.

Ресейлік мемлекеттік қызметтер порталындағы жаңа опция туралы хабарламаның түпнұсқасы 15 мамырда «Панорама» сатиралық онлайн-басылымында шыққан (Қазақстанда бұғатталған).

Вакциналардың 5G чиптерін жаңарту туралы жаңалық «Вакцинациядан кейін 5G чиптерін жаңарту» деп аталатын парақшасы ашылған Gosuslugi.ru порталының «скриншотымен» ұсынылған. Бұл ретте скриншотта парақшаға сілтеме көрінбейді. «Панорама» АА шынайы жаңалықтар жарияламайтынын ескере отырып, суреттің графикалық редакторлардың көмегімен жасалған деп қорытынды жасауға болады.
«Панорама» ақпарат агенттігі – бұл 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан сатиралық портал. Сайтта жарияланған барлық жаңалықтар ойдан шығарылған, бұл туралы басылымның әр бетінде жазылған.
Қорыта айтқанда, 5G чиптерін жаңарту туралы хабарлама – шындыққа еш қатысы жоқ әзіл. Вакциналарда чиптердің болмайтыны және чиптерге қатысты конспирологиялық теориялар туралы егжей-тегжейлі бұған дейін жазған болатынбыз.

Адамдарды чиптеу: шынайылық пен қиял

Сондай-ақ, біз «Панорама» АА сатиралық контенті шынайы жаңалық ретінде ұсынылған жағдайлар туралы да айтқан едік.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button