Fake News

Табиғи және «геоинженерлік» бұлттар арасындағы айырмашылықтар туралы жазылған пост – дәлелсіз

Instagram-да қазақстандықтар табиғи және «геоинженерлік» бұлттардың айырмашылығы туралы видеоларды жариялауда. Оларды сырттай қарап-ақ ажыратуға болады, табиғи бұлттардың пішіні дұрыс емес және ақ түсті болады екен. Бұл олай емес.

Ұлыбританияның метеорологиялық бюросының анықтамасына сәйкес, геоинженерия – бұл ауқымды қасақана климаттық манипуляция. Қазіргі ғалымдар осы тақырып төңірегінде қызу пікірталастар жүргізіп, осындай манипуляция әдістерін әзірлеуде.

Бүгінде жаһандық жылынуды тоқтата алатын ауқымды геоинженерлік жобалар үшін үш негізгі идея бар.

Біріншісі, атмосферадан артық көмірқышқыл газын сіңіретін қымбат жабдықты орнату.

Екіншісі, күн сәулесінің бір бөлігін ғарышқа қайтаруға негізделген. Бұған әртүрлі жолдармен қол жеткізу ұсынылады: белгілі бір шағылысатын мембрананы жер орбитасына ұшырудан бастап, атмосфераның жоғарғы қабаттарында ұсақ шағылысатын бөлшектерді шашуға дейін.

Үшінші идея – дүниежүзілік мұхитты темірмен қанықтыру. Процедура фитопланктон популяциясын бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік береді, ол қазірдің өзінде жердегі барлық оттегінің шамамен 40% өндіреді. Теориялық тұрғыдан оның мөлшерінің артуы атмосферадағы парниктік газдардың өсуін теңестіруге және жаһандық жылынуды тоқтатуға жол ашады. 

Алайда, бүгінде бірде-бір геоинженерлік жоба жүзеге асырылған жоқ. 

Мұның бірнеше себебі бар, негізгілері адамның табиғатқа мұндай араласудың салдарын болжай алмауы. Кейбір ғалымдар климатты бақылау немесе өзгерту әдістері планета үшін қайтымсыз және апатқа әкелуі мүмкін деп санайды. Олардың пікірінше, геоинженерия арқылы жаһандық жылынуды тоқтату әрекеттері планетада күрт салқындау немесе жер сілкінісі, цунами, орман өрттері және т.б. сияқты ауыр табиғи апаттар тудыруы ықтимал.

Қазіргі уақытта әлемде ешқандай геоинженерлік жобалар жүзеге асырылып жатпаса, таралған видеода көрсетілген бұлттар «геоинженерлік» емес.

Роликте көрсетілгендердің басым бөлігі – ұшақтардың әдеттегі инверсиялық іздері, шарпы немесе басқа ерекше бұлттар. Роликте көрсетілгендер адамның қолымен жасалған бұлттар деп санауға негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button