Fake News

Фейк: «Халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлері Швейцарияда орналасқандықтан, онда COVID-19 жоқ»

Қазнет қолданушылары Telegram чаттарында жазғандай, коронавирус пандемиясы тарамаған жалғыз ел – Швейцария екен. Бұған көптеген халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда ДДСҰ штаб-пәтерлерінің орналасуы себеп. Бұл теория дұрыс емес.


Шын мәнінде, Швейцарияда бүгінгі күні індет жұқтырудың 674 мың жағдайы тіркелген, 10 715 адам көз жұмған.
2020 жылғы желтоқсанда Швейцарияда коронавирустың британдық және оңтүстікафрикалық штамдарын жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталды. Үстіміздегі жылдың сәуір айында елде үнді штаммымен ауырғандар тіркелді.
Өзге елдердегідей Швейцарияда да COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау науқаны жүріп жатыр. Ол биыл қаңтар айында басталды. Алғашқы вакцинаны 90 жастағы ел тұрғыны салдырды. 
Швейцария билігі биыл жаздың ортасында СOVID-сертификаттарын енгізуді жоспарлап отыр. Құжаттар электронды түрде болады және КВИ қарсы вакцина алған адамдарға кедергісіз саяхаттауға мүмкіндік береді.
Швейцарияда пандемия жоқ деген фейк бұған дейін Желінің украин сегментінде тараған болатын. Оны StopFake.org порталының фактчекерлері жоққа шығарды. 
Қорыта айтқанда, халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлері Швейцарияда орналасқандықтан, бұл елде COVID-19 жұқтыру жағдайларының болмауы туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және фактілерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button