Елордадан пәтер алу: алаяқтар тұрғын үй алуға жалған құжаттар жібереді
Қазақстанда елордада тұрғын үй алуға арналған жалған ордерлер таратылуда. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ бұл құжаттың қолдан жасалғанын және тұрғын үй алуға негіз бола алмайтынын ескертеді және тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылардан және мемлекеттік қордан пәтер алуға кезекте тұрғандардан абай болуын сұрайды.
«Тұрғын үй қоры тұрғын үй алу туралы мұндай хабарламаны ешқашан жібермеген және жібермейді. Сондай-ақ, төлеу мерзімі өткен несиелерге байланысты тұрғын үй кезегінде тұрғандар кезектен шығарылмайды», – делінген ұйымның ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ, қор арендалық тұрғын үйдің кезегі келсе, бастапқы жарна немесе құжаттарды ресімдеу үшін төлем жасау және мерзімі өткен несиелерді өтеу талап етілмейтінін еске салады.
Егер сізге осындай хабарлама жіберіліп, ақша талап етілсе, дереу полицияға хабарласыңыз.
Айта кетейік, тамыз айының соңында 34 жастағы елорда тұрғыны ұсталды, ол мемлекеттік тұрғын үй кезегінде алға жылжыту үшін 3 миллион теңге сұраған. 9 адам алаяқтың құрбаны болған. Полиция ҚР ҚК 190-бабы бойынша тергеу жүргізуде.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне тұрғын үй беру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде немесе тізімге сәйкес кезектілік тәртібінде беріледі.