Fake News

Фейк: «Көкшетауда балабақша тәрбиеленушілерін қауіпті химикатпен улайды»

Әлеуметтік желілерде Көкшетаудағы балабақшалардың бірінің аумағында белгісіз бір зат шашып жүрген маскадағы ер адамның видеосы тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, балаларды құсу мен диарея тудыратын затпен улауда. Тіпті, кейбіреулерінің пайымдауынша, бұл үшін жарамдылық мерзімі өткен COVID-19 қарсы вакциналар қолданылады екен. Мұның бәрі өтірік.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл видеоға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, видеода «Көкшетау Дезинфекция» ЖШС жүргізген жоспарлы дезинсекциялық өңдеу барысы көрсетілген. Өңдеу жұмыс уақытынан тыс уақытта – осы жылдың 22 шілдесінде сағат 20.00-де балабақша алаңында балалар болмаған кезде жүргізілген.

– Өңдеу шаралары жәндіктерді жою мақсатында жоспарға сәйкес мезгіл-мезгіл жүргізіледі, бұл жолы құмырсқалар мен араларға қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оны оқытылған қызметкерлер Қазақстан Республикасында рұқсат етілген құралдармен жүзеге асырады. Құрметті облыс тұрғындары, кейбір адамдар ойлағандай, бұл қажетті іс-шаралардың коронавирустық инфекцияға қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және оны таратпауларыңызды сұраймыз, – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Демек, балаларды балабақшаларда химиялық затпен улайтыны туралы ақпарат – фейк.

Басқа жаңалықтар

Back to top button