Fake News

Қырғызстаннан Қазақстанға құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелінген жоқ

What ‘ aApp мессенджерінде кадр сыртындағы дауыс Қырғызстаннан елімізге құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелініп жатқаны туралы айтқан бейнеролик тарады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарламаны жоққа шығарды.

Ауру жұқтырған малдың еті Қазақстанға әкелінген жоқ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің StopFake.kz сауалына берген жауабында айтылған.

– Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені Қырғызстаннан ет өнімдерін әкелуге енгізілген шектеу қолданылады. Шара осы республикадағы жануарлардың қауіпті аурулары бойынша қолайсыз жағдайға байланысты қабылданды. Етті контрабандалық жолмен тасымалдау әрекеті ресми расталған жағдайда, мемлекеттік шекараның қазақстандық-қырғыз учаскесінде бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады, – делінген ведомство жауабында.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button