Fake News

Фейк: «Вакцинациядан бас тартқандарды биотеррористер деп аталатын болады»

Instagram-да қолданушылар COVID-19 қарсы вакцинациядан бас тартқандардың бәрі биотеррорист деп танылып, жауапқа тартылатындығы туралы видеоны талқылауда. Бұл тұжырым – фейк.

Скриншот из видео

Биотерроризм – бұл ұйым немесе жеке адамдар халыққа қарсы биологиялық қару қолданатын терроризм түрі. Вакцина биологиялық қару бола алмайды, өйткені ол патоген емес және адамдарға немесе жануарларға жұқпайды. Осылайша, вакцинациядан бас тартқан адамдар да, екпе салдыруға келісетіндер де биотеррорист бола алмайды.
Әлемдегі бірде-бір елдің үкіметі вакцина алмаған адамдарды биотеррорист деп тану туралы мәлімдеген емес. Қазақстан да. Елімізде вакцинация «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 77-бабына сәйкес ерікті түрде жүргізіледі.
Бұл ретте екпеден бас тартқаны үшін ешқандай жаза қарастырылмаған.
«Биологиялық қауіпсіздік туралы» жаңа заң жобасында да биотерроризм туралы да, қылмыстық жауапкершілікке тарту қаупі бар мәжбүрлі вакцинация туралы да жазылмаған.
– Жобада халықты міндетті түрде вакцинациялау туралы ештеңе айтылмаған. Алайда, тәуекел топтар үшін ерікті вакцинация қарастырылған. Бірінші кезекте бұл: аса қауіпті патогендермен (ауру тудыратын микроағзалармен) жұмыс істеу жөніндегі зертханалардың қызметкерлері. Айта кетейік, мұндай тәжірибе КСРО кезінде де болған, – деп хабарлады ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Қорыта айтқанда, COVID-19 қарсы вакцинациядан бас тартқандардың барлығын биотеррористтер деп танитыны туралы хабарлама расталмаған жорамал. Мұндай нормалар ҚР қолданыстағы заңдарында да, талқыланып жатқан заң жобаларында да жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button