Фейк: «ДДҰ жұбын таба алмағандарды мүгедек деп таниды»
Желі қолданушыларының сөзінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұбын таба алмау бұдан былай мүгедектік болып саналады деп жариялаған екен. Бұл 2016 жылы тараған ескі фейк.
ДДҰ жұбын таба алмаған адамдарды мүгедек деп жариялау туралы шешім қабылдағаны туралы 2016 жылы жазылған еді. Мұндай шешім «бедеулік» сөзінің анықтамасын өзгерту аясында қабылданған екен. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, ДДҰ-ның пікірінше, жүйелі түрде тырысып, бір жылдың ішінде бала көтере алмау енді ауру ретінде жіктелмейді және мүгедектікке жатқызылады.
2016 жылы осындай жаңалықтар жарияланғаннан кейін ДДҰ «бедеулік» сөзінің анықтамасын өзгертпейтінін және жалғызбасты адамдарды мүгедек деп санамайтынын айтып, қауесетті жоққа шығарды. Мұндай мәтіні бар хабарламалар ұйымның сайтында да, оның ресми Twitter аккаунтында да жарияланды.
Алайда, бұл фейктің таралуына кедергі болмады. Ақпарат 2019 жылы желіде қайта тарала бастады. Оны AFP және AfricaCheck сияқты порталдар жоққа шығарды.
2020 жылы бұл хабарлама АҚШ-та көп тарады. Ол кезде ДДҰ-ның жалғызбасты адамдарды мүгедек деп санамайтыны туралы Reuters порталы жазды.
Бүгінде ДДҰ сайтында «бедеулік» сөзінің анықтамасында жұбын таппаған адамдарды мүгедектердің қандай да бір тобына жатқызылатыны туралы ештеңе жазылмаған. Бедеуліктің өзі әлі де болса мүгедектік ретінде емес, ауру деп жіктеледі.
Яғни, ДДҰ жұбын таппаған адамдарды мүгедек деп танитыны туралы ақпарат – фейк.