Fake News

Фейк: «Полиомиелит – бұл вирус емес, химиялық заттармен улану»

Қазақстандықтар полиомиелит вирустық ауру емес, химикаттармен және пестицидтермен улану нәтижесі деген конспирологиялық теорияны талқылауда. Бұл олай емес.

Полиомиелит – бұл жұлынның сұр затының полиовируспен зақымдануынан туындаған вирустық ауру. Ауру салдарынан жүйке жүйесі зақымдалып, паралич, кейбір жағдайларда тыныс алу бұлшықеттері де жұмыс істемей қалады, бұл науқастың өліміне әкеледі.
Аурудың табиғатынан инфекциялық екені 1909 жылы дәлелденді. Ал 1913 жылы И. И. Мечников зертханасының және Фурнье институтының қызметкері Константин Левадити маймылдың жұлын жүйкетүйіндері жасушаларында өсірілген ағзадан тыс жасушадағы бала параличі вирусының өсіндісін алды.
Полиомиелит пестицидтерді қолданумен байланысты болуы мүмкін деген теория өткен ғасырдың 40-шы жылдарында пайда болды. Ол кезде бұл ауру жеткілікті дәрежеде зерттелмеген еді, адамдар оны шыбындар тасымалдайды деп ойлаған. Жәндіктерден құтылу үшін далалар ДДТ-мен – зиянкестермен күресу үшін қолданылатын инсектицидпен өңделді. Алайда, кейіннен зерттеулер химиялық заттарды қолдану полиомиелитпен байланысты емес екенін дәлелдеді.
Оның үстіне, полиомиелит ошақтары егістерді ДДТ және басқа да инсектицидтерді пайдалана отырып, зиянкестерге қарсы өңдегенге дейін тіркелген. ДДТ 1393 жылы шығарылды және оны 1942 жылдан кейін ғана кеңінен қолдана бастады. Полиомиелиттің ірі ошақтары 1894, 1916, 1921 және одан бұрын тіркелген. Полиомиелиттің жүздеген жыл бұрын болғанын көрсететін дәлелдер бар.
Сондай-ақ, ДДТ-мен улану белгілері полиомиелит ауруының белгілеріне ұқсамайтынын атап өткеніміз жөн. Уланған кезде адамда бүйрек жетіспеушілігі, ал полиовирус жұқтырған жағдайда – паралич болады.
Полиомиелитке қарсы жаппай иммундаудың нәтижесінде 1988 жылдан бастап әлем бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші 99%-дан аса азайды. ДДСҰ мәліметтері бойынша 1988 жылы 350 000 жағдай тіркелген, ал 2018 жылы – 33.

Демек, полиомиелит пен пестицидтерді қолданудың байланысы туралы теория негізсіз және ғылыми фактілерге қайшы болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button