Fake News

Фейк: «Пандемияны 2003 жылы «тудыруға» тырысқан»

Telegram чаттарында 2003 жылғы жаңа, әлі белгісіз аса қауіпті ауру туралы айтылуда. Кейбіреулер бұл пандемия «тудырудың» алғашқы әрекеті болды деп санайды, бірақ белгісіз себептермен ол кезде ештеңе шықпаған. Бұл жалған.


Шын мәнінде, жаңалықтар сюжетінде қоздырғышы SARS-CoV-1 коронавирусы болған ауыр жедел респираторлық синдромның (АЖРС) өршігені жайлы айтылады. Жалпы, әлемде індет жұқтырудың 8098 жағдайы тіркелді, 774 адам көз жұмған. Инфекция жұқтыру жағдайлары 29 елде анықталған.
ДДСҰ бұл аурудың пандемиясын ешқашан жарияламаған. Дегенмен, ғалымдар вирус анықталғаннан кейін бірден бұл ауруға қарсы вакциналар әзірлей бастады. Әр түрлі платформаларда бірнеше кандидат вакцина жасалды. Олардың кейбіреулері жануарларға клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан өтті.  Алайда, 2003 жылы індет тоқтағандықтан дәрі-дәрмекті одан әрі жасау жұмыстары тоқтатылды. 2020 жылы SARS вакциналарының прототиптері COVID-19 препараттарының негізі ретінде алынды. 
АЖРС инфекциясын жұқтырған соңғы жағдай 2003 жылғы шілде айында Тайваньда тіркелді. 
Вирус ең көп таралған елдерде енгізілген карантиндік шектеулер ауруды жеңуге көмектесті.
АЖРС індеті 2019 жылы Джонс Хопкинс Университетінің мамандары ұйымдастырған «Оқиға-201» пандемиялық оқу-жаттығуларының сценарийіне негіз болды. Ғалымдардың пайымдауынша, коронавирустар адамзат үшін ықтимал қауіпті, сол себепті оларға назар аудармақ болған.

Қорыта айтқанда, SARS-CoV-1 коронавирусынан туындаған 2003 жылғы індет әлемдік үкіметтің пандемия «тудыру» әрекеті емес, сол кезде зерттелмеген аурудың өршігені арс. Оның таралуын шектеуге карантиндік шаралар септігін тигізді. ДДСҰ АЖРС пандемиясын ешқашан жариялаған емес. Сондай-ақ, жер-жерлерде локдаундар енгізілген жоқ, ал індет басылған соң, вакцина әзірлеу жұмыстары тоқтатылды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button