ПТР тесттер адамда сегізінші хромосоманың барын анықтамайды
Instagram әлеуметтік желісінде ПТР тесттер SARS-CoV-2 вирусының бар-жоғын анықтай алмайды, бірақ адамда сегізінші хромосоманың барын көрсететіндігі туралы хабарлама таратылуда. Бұл жалған.
Адам геномы 23 жұп хромосомадан тұрады. Әр адамда сегіз жұп хромосома болады, сондықтан оның барын анықтау үшін тест тапсыру мағынасыз.
ПТР талдау (полимеразды тізбекті реакция) әдісі 30 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әртүрлі ауруларды, соның ішінде генетикалық ауруларды диагностикалау үшін пайдаланылады. Алайда, бұл организмде патогенді немесе ауытқуды анықтау үшін мамандар бірдей тест қолданылады дегенді білдірмейді. Әр ауруды жеке және жай-күйін анықтау үшін әр түрлі реагенттер мен тәсілдер пайдаланылады, тек полимеразды тізбек реакциясы әдісі ғана ортақ болып қалады.
COVID-19 үшін ПТР талдау әдісі ағзада Sars-CoV-2 вирусының болуын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл талдау әдісімен қажетті вирустың РНҚ бөлініп, зерттелген үлгіде бірнеше рет көбейеді. Егер үлгіде вирус болмаса, онда мұндай реакция жүрмейді. ПТР талдау әдісі қалай жұмыс істейтіні туралы бұған дейін жазған болатынбыз.
Фейк: «ПТР-тестілер өткір фазадағы кез келген ЖРВИ-ді анықтайтындықтан тиімсіз болып табылады»
Тесттің бұл түрі адамзатқа COVID-19 ауруы белгілі болғаннан кейін арнайы әзірленген.
ПТР тестілеу КВИ диагностикасының дәл және сенімді әдісі болып табылады. COVID-19 анықтайтын бұл әдіс ДДСҰ және АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығымен ұсынылған.