Денсаулық сақтау министрлігі міндетті профилактикалық екпелер тізімін кеңейту туралы хабарламаларды жоққа шығарды
Әлеуметтік желілерде Қазақстанда мәжбүрлеп вакцинациялауды енгізу және міндетті профилактикалық екпелер тізімін кеңейту жоспарланып отыр деп жазуда. Бұл жалған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі міндетті профилактикалық екпелер тізіміне енгізілетін өзгерістер мен вакцинациялауға мәжбүрлеу туралы хабарламаларды жоққа шығарды.
– Қазіргі уақытта Үкіметтің мұндай қаулысы талқыланып жатқан жоқ. Міндетті профилактикалық вакциналар тізімі 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулыда көрсетілген. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес, азаматтар профилактикалық егулерді қоса алғанда, барлық медициналық манипуляциялардан хабардар етілген келісімге немесе бас тартуға құқылы, – деп хабарлады ведомство.
Қазақстандықтар желі қолданушыларын мәжбүрлі вакцинация және екпеден бас тартқаны үшін айыппұлдар салынатыны туралы хабарламалармен бұған дейін де қорқытып келген. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі осындай фейктерді терістеген болатын.
Қазақстанда әлеуметтік желілерде міндетті вакцинация туралы жалған видео таратылуда
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.