Fake News

Қазақстанда әлеуметтік желілерде міндетті вакцинация туралы жалған видео таратылуда

Қазнет қолданушылары Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов бұдан былай COVID-19-ға, сондай-ақ басқа да ауруларға қарсы вакцинациялау міндетті болатыны туралы мәлім еткен видеоны таратуда. Бұл видео – фейк. Видео авторлары спикердің дауысын өзгерткен.
Ал Денсаулық сақтау министрлігі видеода айтылған ақпаратты жоққа шығарды.

Видеоның түпнұсқасы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қатысуымен өткен брифингтердің бірінен алынған. Бірақ роликтегі дауыс оныкі емес. Бұған оның қатысымен түсірілген жаңалықтар сюжеттерімен салыстыру арқылы көз жеткізуге болады.
Міндетті вакцинация туралы фейк ақпарат видеосы TikTok-та aktaunews аккаунтында алғаш рет жарияланған. Парақшада видеоның түпнұсқа дыбысы брифингті трансляциялаған қандай да бір телеарнаға емес, аккаунттың өзіне тиесілі екендігі туралы белгі бар.


Денсаулық сақтау министрлігі бұл видеоның фейк екенін растады.
– Дауыстың үстінен жазылғаны көрініп тұр, бұл Бақытжан Позиловтың сөзі емес. Бұл-кезекті фейк, – деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ, министрлік Қазақстанда КВИ-ге және басқа даауруларға қарсы вакцинациялау міндетті емес екенін атап өтті.

«Қазақстан Республикасында кез келген вакцинация егілушінің келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинация міндетті емес. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы кез келген медициналық манипуляциядан, оның ішінде вакцинациядан бас тартуға құқылы», – делінген министрліктің жауабында.

Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button