Fake News

Фейк: «Өзін-өзі оқшаулау және әлеуметтік қашықтықты сақтау тарихта бірде-бір пандемия кезінде қолданылмаған»

Қазнет қолданушылары COVID-19 пандемиясы кезіндегі санитарлық нормалардың тиімділігіне күмән келтіруде. Telegram чаттарда бұл пандемия басталғанға дейін өзін-өзі оқшаулау да, әлеуметтік қашықтықты сақтау да болмаған, дегенмен адамзат қауіпті аурулардың өршуіне төтеп бере алды деген хабарлама тарады. Бұл олай емес.


Шын мәнінде, әлеуметтік қашықтықты сақтау және өзін-өзі оқшаулау туралы алғашқы ескерту біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырға жатады. Олар Левит кітабында жазылған: Ауырған барлық күндерінде ол арам болады. Ол бөлек тұруы керек және оның тұратын жері мекеннен тыс болуы керек».
Сонымен қатар, Византия империясында Юстиниан обасы кезінде карантин жарияланғанын растайтын тарихи дәлелдер де бар.
1918 жылы испан тұмауы пандемиясы кезінде карантиндік шаралар қатаң болған. Кейбір қалаларда қоғамдық көлік қозғалысы шектеліп, қоғамдық шаралар тоқтатылған, бетперде тағу міндетті болды.
COVID-19 пандемиясы кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау аурудың алдын алу шараларының бірі болып табылады. Бұл ауру қоздырғышы Sars-CoV-2 вирусы аэрозольді жолмен берілетінін ескерсек, аса қажет.
Сондай-ақ, хабарламада Sars-CoV-2 штаммы ешқашан оқшауланбаған және оның бар екендігі әлі дәлелденген жоқ деп айтылған. Бұл қастандық теориясы.

Қытайлық ауруларды бақылау орталығының өкілі Sars-CoV-2 вирусы ешқашан оқшауланбағанын айтпаған

SARS-CoV-2 штаммы оқшауланған және оның толық шифрланған геномы баршаға қол жетімді.
Хабарлама авторы ДДСҰ пандемия жариялаудың қажеті жоқ деп санайды, өйткені COVID-19-бен ауырған адамдар саны жеткіліксіз. Мұнымен қоса, адамдардың 5%-ы инфекцияны жұқтырған жағдайды індет деп санауға болады деген мәліметтер келтірілген. Бұл ретте ол бұл жағдайда 100% – бүкіл планетаның немесе жеке аумақтың халқы екенін нақтыламайды.
Анықтамаға сәйкес, індет – бұл аймақта тіркелген сырқаттанушылық деңгейінен едәуір артық және төтенше жағдай тудыруы мүмкін жұқпалы аурудың адамдар арасында үдемелі таралуы. Сонымен қатар, мамандар белгілі бір мемлекет немесе әлеуметтік топ тұрғындарының 5% немесе одан артық бөлігі аурудан зардап шеккен жағдайды эпидемиологиялық шек деп санайды.
Пандемия бірнеше ел мен континенттердің аумақтарын қамтыған эпидемиялық процестің дамуының ең жоғары деңгейі болып саналады.
2020 жылғы 11 наурызда COVID-19 пандемиясы жарияланған кезде 114 мемлекетте індетті жұқтырудың 118 мыңнан астам жағдайы тіркеліп , 4 291 адам қайтыс болған еді.
Қорыта айтқанда, хабарламада айтылған барлық идеялар дұрыс емес. Өзін-өзі оқшаулау және әлеуметтік қашықтықты сақтау адамзатқа ғасырлар бойы белгілі, Sars-CoV-2 вирусы оқшауланған және оның геномы ашылған, ал COVID-19 таралу жылдамдығы мен ауқымы «пандемия» сөзінің анықтамасына сәйкес келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button