Фейк: «Вакцинациядан жаппай бас тартуға байланысты ТШО-ның үшінші буындағы зауыт құрылысы тоқтап қалды»
Қазақстандық жаңалықтар порталдарының хабарлауынша, «Теңізшевройл» компаниясының Теңіз кен орнындағы үшінші зауытының құрылысы тоқтап қалды. Бұған мұнайшылардың COVID-19 қарсы вакцинациядан жаппай бас тартуы себеп болған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Теңізшевройл» компаниясы зауыт құрылысының тоқтап қалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
– Пандемия мен нарықтық белгісіздікке қарамастан, ТШО-ның өндірістік процестері штаттық режимде өз жұмысын жалғастыруда. Компания күш-жігерін қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Болашақта кеңейту жобасында – Сағалық қысымды басқару жобасында (БКЖ-СҚБЖ) сыни операцияларды қауіпсіз орындауға шоғырландыруда, – делінген компанияның StopFake.kz жолдаған сауалға берген жауабында.
Бұған дейін ТШО өкілдері қызметкерлердің COVID-19 қарсы екпе жасатдан жаппай бас тартқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.
БКЖ-СҚБЖ және оған кіретін үшінші буындағы зауыт Теңізде мұнай өндіруді 12 млн тоннаға арттыруға септігін тигізеді. Құрылысты 2023 жылы аяқтау жоспарланған.