Өздерін полиция қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар туралы ескі фейк тағы да таралуда

WhatsApp-та полиция қызметкерлеріміз деп таныстыратын белгісіз біреулердің үйлерді аралап жүргені туралы ескерту тарады. Олар ІІМ белгісі бар жалған құжаттарды көрсетіп, алдағы уақытта өтетін «халық санағы» қарсаңында жеке куәліктерді тексеріп, биометриялық мәліметтер жинап жүргендерін айтады. Бұл ескі фейк.
Жаңа хабарлама 2024 жылдың қарашасында Қазнетте таралған ақпаратпен бірдей. Сол кезед біздің портал ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен түсініктеме алған болатын.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді қолдана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз.
Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар айында WhatsApp-та осы сияқты тағы бір фейк тарады, онда сенімдірек болатындай суреттер ұсынылған.