Жаңалықтар

«Теңізшевройл» қазақстандық мұнайшылардың 90% COVID-19 қарсы вакцинациядан бас тартқаны туралы хабарламаны жоққа шығарды

Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші «Теңізшевройл» кәсіпорны мұнайшылардың 90% COVID-19 қарсы вакцина алудан бас тартқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.


«Теңізшевройл» компаниясының үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев вакцинация штаттық режимде жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– 12 сәуірге дейін ТШО-ға төрт мыңға жуық доза вакцина берілді. Бүгінгі таңда мыңнан астам қызметкер вакцина алды. Тағы 6,5 мыңнан астам адам екпе жасатуға ниет білдіріп, оны вакцинаның түсуіне қарай алады. Бізде мұнайшылардың 90 пайызы вакцинациядан бас тартқаны туралы ақпарат жоқ. Қайталап айтамын, адамдар вакцина жасатуға кезекке тұруда. ТШО компаниясының қызметкерлерінің көбі вакцинаны тұрғылықты жері бойынша өз емханаларында алып жатқанын білемін, – деді ол.

Бұған дейін жаңалықтар порталдарында жарияланған мәтінде мұнайшылардың вакцинациядан бас тартуына вахтада өткізген қосымша уақыт үшін төленетін төлемнен айырылып қалу мүмкіндігі себеп болуы ықтимал екендігі жазылған. Бүгінде қызметкерлер өз міндеттеріне кіріспес бұрын оқшаулануға міндетті. ТШО-ның хабарлауынша, қазіргі уақытта COVID-19 жағдайына байланысты өтемақы төлеу бағдарламасы қайта қаралуда, сондай-ақ ол еліміздегі және теңіздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

– СЭС мәліметтері бойынша, 2021 жылғы 26 наурыздан бастап толық вакцинацияланған қызметкерлерге вахтаға келгеннен кейін оқшауланудың қажеті жоқ, – деп жауап берді компаниядан.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button