WhatsApp тағы да ақша жинау туралы фейк ақпарат таратылуда
Қазақстандықтар достар мен таныстарға жіберуге үндейтін балалардың фотосуреттерін тағы да таратуда. Суретке хабарлама көп мөлшерде таратылса, WhatsApp компаниясы фотодағы қыздың еміне қаржы беретіні туралы дыбыстық хабарлама тіркелген. Бұл жалған.
Дәл осындай дыбыстық хабарлама Қазнетте өткен жылы көктемде тараған болатын. Ол кезде мүлдем басқа қыздың суреті таратылды. Кейіннен Lider.kz Риддер қаласының еріктілер қозғалысының өкілдері бұл сурет спам деп мәлімдеп, оны таратуды тоқтатуға шақырды. Бұл жағдай туралы біз жазған болатынбыз.
Бұрынғы фейк: Қазақстанда науқас бала туралы спам-хабарлама таралуда
Хабарламаларды тарату арқылы WhatsApp-тан төлемдер алу мүмкін емес. Мессенджердегі барлық хабарламалар мен қоңыраулар шифрланған және компания қызметкерлері кім, кімге және не жіберетінін білмейді.
Қандай да болмасын хабарламаны тарату арқылы науқас балаларға көмектесу туралы үндеулер Желінің ағылшын тілді сегментінде де кеңінен тарағанын атап өткеніміз жөн. Бұған дейін пайдаланушыларға сирек кездесетін тері ауруына шалдыққан бала, сондай-ақ қымбат медициналық көмекке мұқтаж соқыр бала туралы хабарланған болатын.
Мұндай таратылымдарға тән белгі – нақты деректердің болмауы. Онда науқастың тұрғылықты жері, аты-жөні, нақты диагнозы көрсетілмейді. Сонымен қатар, балаларды емдеуге арналған қаржы жинаумен ресми тіркелген қайырымдылық ұйымдары айналысқанда мұндай ақпарат ұдайы ұсынылады.
Демек, WhatsApp арқылы ақша жинау туралы хабарлама фейк және оған сенудің қажеті жоқ.