Fake News

Фейк:«Алматыда дәрігерлер ақысыз демалысқа жіберілуде»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде Алматыда дәрігерлер мен медперсонал ақысыз демалысқа жіберілуде деген хабарламаны талқылауда. Хабарлама авторының айтуынша, жұмыс орындарында тек COVID-госпитальдерде жұмыс істеуге келіскендер ғана қалған. Бұл фейк.


Бұл ақпаратты Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жоққа шығарды.

– Бұл жалған. КВИ-ға қайта бейімделген ауруханаларда тек өтініш жазғандар ғана ақылы еңбек демалысына кетті. Қалған дәрігерлер инфекциялық бөлімшелерде жұмыс істеу үшін сараланған түрде қайта бөлінді, – деп хабарлады ведомстводан.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Алматыда ЖРВИ, пневмония және КВИ белгілері бар азаматтардан 300-ге жуық шақырту тіркеледі.
31 наурызда Алматыда бұған COVID-19 жұқтырғандарды жатқызу үшін қайта жабдықталған HALYK ARENA спорт кешені қайта іске қосылды. Кешен 1000 төсек-орынға есептелген. Онда коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жағдайы орташа болғандары жеткізіледі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button