Фейк: «2022 жылы маймыл шешегінің өршуі COVID-19 қарсы вакциналардан болған»
Instagram-да 2022 жылы маймыл шешегінің өршуі COVID-19 қарсы вакциналардан болды деп жазуда. AstraZeneca шығарған препаратта маймыд шешек ауруын тудыратын шимпанзе аденовирусы бар екен. Бұл жалған.
AstraZeneca-ның COVID-19 қарсы вакцинасында шимпанзе аденовирусының вирустық векторы бар. Бірақ бұл толық патоген емес, оның бір ғана бөлігі, ол адамға ештеңе жұқтырмайды және ағзада көбеймейді. Сонымен қатар аденовирустар шешек емес, салқын тигеннен болатын ауруларды тудырады.
Маймыл шешегі ауруы маймыл шешек вирусынан болады. Адамзат ол жайлы 1958 жылдан бері біледі. Осы уақыт ішінде ғалымдар патогенді жақсы зерттеп, бұл вирустың тиімді профилактикасы шешекке қарсы вакцинасы екенін анықтады.
2022 жылы әлемде маймыл шешек ауруының таралуы тіркелді. Айта кетерлік жайт, ауру жұқтырғандар AstraZeneca вакцинасы тіркелмеген елдерде де болды. Мысалы, Швейцария мен Венесуэлада бұл препарат қолданылмаған, бірақ адамдар маймыл шешегімен ауырған.
Демек, COVID-19 қарсы вакциналардың 2022 жылы таралған маймыл шешегінің өршуіне қатысы жоқ.