Fake News
Фейк: «БҚО-да шекараны қорғауға қосымша күш тартылуда»
Қазнетте ҚР ҰҚК Шекара қызметінің формасындағы адамдардың суреті тарады. Онда суреттің БҚО-да түсірілгені және Ресеймен шекараны қорғау үшін қосымша күш тартылды деп жазылған. Бұл олай емес.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Соңғы уақытта Қазнетте ҚР шекарасын қорғауға және елдегі криминогендік жағдайға қатысты фейктер көп таралуда. Бұған дейін біз Қазақстанның Ресеймен шекараны жауып тастағаны, сондай-ақ Қостанайда қарулы ер адамдардың баладан ұялы телефон тартып алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатынбыз.