Fake News

ДДСҰ логотипінде қауіпті белгілер жоқ

Әлеуметтік желілерді қолданушылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының логотипінен жын-шайтанның белгілерін байқаған. Кейбір адамдар ұйымның таңбасындағы таяққа оралған жыланды Шайтан шіркеуінің өкілдері ғибадат ететін Бафомет жын-перісінің жылан иірілген таяғына ұқсатқан. Шын мәнінде, символдар арасында байланыс жоқ.


ДДСҰ логотипі 1948 жылы Бірінші дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында бекітілген. Оған негіз ретінде БҰҰ символы алынып, жылан иірілген таяқпен толықтырылды.
Мұндай таяқ Асклепий немесе Эскулап таяғы деп аталады. Аңыз бойынша Асклепий Апполонның ұлы, оны кентавр Хирон тәрбиелеген. Ол тірі кезінде адам емдеуді үйренген, тіпті оларды ақшаға қайта тірілткен. Мұндай сараңдық Олимп құдайларының ашуын келтіріп, Асклепий өлтіріледі, бірақ кейіннен Құдай ретінде қайта тіріледі.
Ежелгі грек Асклепий храмдары емделуге мұқтаж адамдар келетін ауруханалар болды. Храм абыздары, асклепиадтар емшілер рөлін атқарды. Олардың бірі қазіргі заманғы медицина ғылымының негізін қалаушы Гиппократ болды.
Жылан иірілген таяқ Асклепийдің символы болып табылады, өйткені ол адамдарды осы таяқтың көмегімен тірілткен деп сенген. XVIII ғасырда мұндай таяқ жалпы медицинаның символы ретінде қолданыла бастады.
Сондай-ақ, кейде медицина символы ретінде екі жылан иірілген кадуцей таяқшасы қолданылады. Оның пайда болуы туралы аңыз да Ежелгі грек құдайы Аполлонмен байланысты. Аңыз бойынша, Күн құдайы ағасы Гермеске татуласу белгісі ретінде таяқша сыйға тартқан. Гермес оның қасиеттерін тексеремін деп күресіп жатқан екі жыланның арасына жерге қадаған. Олар бірден шайқасты тоқтатып, таяқшаға оралған. Бұл көрініс Гермеске қатты әсер етіп, ол жыландарды қатырып, оларды таяқшаның бір бөлігіне айналдырған. Кадуцей бейнеленген жапсырмаларды әртүрлі заттары бар сауыттарға сала отырып, алхимиктер жиі қолданған.
Қастандық теориясын жақтаушылар Бафомет мүсінінде байқаған символ кадуцейге ұқсайды. Алайда, шын мәнінде, бұл таяқшада жынның жыныстық органы бейнеленген, ал айналасындағы қара және ақ жыландар – ерлер қауқарының төрт алхимиялық элементі мен ақыл-ойының бірігуі. Әуелден Бафомет діндердің ешқайсысында шайтан болмаған. Бұл атау алғаш рет 1098 жылдың шілдесінде кірескердің хатында аталады. Сонымен қатар, мәтінде бұл есім иесінің жын-перілік қасиеті жайлы жайлы айтылмайды: «Келесі күні таңертең олар Бафометті дауыстап шақырды; және Біз жүрегімізде Құдайға дұға еттік, содан кейін шабуыл жасап, барлығын қала сыртына айдап шықтық», – делінген хатта.
Элифас Леви Бафометті заманауи мәдениетте жандандырып, оның сырт келбетін сипаттаған. Оккультист жынды XIX ғасырдың екінші жартысындағы шайтанға ұқсатып, Таро арқанымен бейнелеген. Шайтанның бейнесін салғанда Леви қолда бар символдарды қолданылуы мүмкін. Бұл тарологтың жынның қолына алхимиктердің өзіндік ұранын жазғанымен расталады: SOLVE (ЕРІТ) және COAGULA (ҚОЮЛАТ). Кадуцей екі жылан оралған таяқша болғандықтан, оны алхимиктер де қолданған, Левидің жынның бейнесін жасауда оны да пайдалануы ықтимал. Қазіргі кезде Шайтан шіркеуінің салт-жораларында қолданылып жүрген мүсін нақ осы Леви жасаған Бафомет бейнесі бойынша жасалған. 
Қорыта айтқанда, шайтанның мүсінінде және ДДСҰ эмблемасында бейнеленген белгілер сырттай ұқсас болғанына қарамастан, олардың шығу тегі мен түсіндірмесі әртүрлі.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button