Fake News

Алаяқтар мемлекет басшысының атынан инвестициялық бағдарлама жарнамасын таратуда

Facebook-те ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға арналған жаңа қаржы бағдарламасының іске қосылғаны туралы мәлімдеген видеосы таралуда. Жоба ірі Qazaq Oil компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр екен. Қалай ақша табуға болатындығын білу үшін пайдаланушы сауалнамадан өтуі керек. Бұл ақпарат – фейк.

 

Роликте жалған дауыс қолданылған. Қазақстан президентінің бұл сөзі оның 2022 жылғы референдум қарсаңында азаматтарға жасаған үндеуінен алынған. Түпнұсқа баяндамада Qazaq Oil компаниясымен бірлескен жоба туралы айтылмаған. Президент сөзінің жазбасы баршаға қолжетімді, алаяқтар оны жалған ақпарат жасау үшін контекстен үзіп алған.

Мемлекет басшысының ресми сайтында азаматтарға арналған қандай да бір жаңа қаржылық бағдарламаның іске қосылғаны туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ Qazaq Oil компаниясының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде (Instagram-да және Facebook-те) мемлекетпен бірлесіп іске қосылған инвестициялық бағдарлама туралы ақпарат жоқ. Жанармай құю станцияларының ұлттық желісі мұндай мәлімдеме жасамаған.

Алаяқтар әлеуметтік инженерия әдістерін қолданады – әрекетке итермелейді. Олардың айтуынша, бағдарлама тек ай соңына дейін ғана іске асырылады. Шын мәнінде, бұл видео адамдарды алдау мақсатында жасалған. Сақ болыңыз және күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз.

ҚР президентінің атынан іске қосылған инвестициялық бағдарламалар туралы осындай фейк хабарламалар 2023 және 2024 жылдары Желіде көп таралды.

Біздің портал оларды тексеріп, жоққа шығарды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button