Fake News

Манипуляция: «Локдаун» сөзі бүкіл әлем түрмеге айналды дегенді білдіреді»

Қазнет қолданушылары «локдаун» сөзінің шығу тегін талқылауда. Кейбіреулердің пікірінше, бұл түрмеде шыққан және қауіпсіздік мақсатында тұтқындарды камераларда ұстау дегенді білдірді. Осыған байланысты пайдаланушылар, әлемдік үкімет бұл сөзді қолдана отырып, бүкіл әлемді түрмеге айналдыруда деп ойлайды. Бұл олай емес.


«Локдаун» сөзі ежелгі герман сөзі Loc – құлып және ағылшын тіліндегі down көмекші сөзінен шыққан. XIX ғасырда Америкада lock-down сөзі ағашты өзен бойымен тасымалдау кезінде арқанды ұстап тұратын бөрене немесе тақтаны білдірген.
Кейіннен, 1970-ші жылдары «локдаун» сөзі адамдарды түрмелерде немесе психиатриялық ауруханаларда ұзақ уақыт ұстау үшін қолданыла бастаған.
Содан кейін сөз қосымша мағынаға ие болды. Мысалы, Cambridge Dictionary «локдаун» – бұл төтенше жағдай, онда адамдарға белгілі бір қауіп-қатерге байланысты ғимаратқа кіруге, шығуға немесе қозғалуға тыйым салынады. Бұл сөздің екінші мағынасы – «қауіпті ауру салдарынан адамдарға үйден кетуге және еркін жүруге тыйым салынған кезең».
Тағы бір танымал сөздік Макмилланда Lockdown сөзіне келесідей анықтамалар берілген: қауіп-қатерге байланысты орынға кіру шектелетін уақыт немесе жағдай; тұтқындар камераларда жабылған уақыт немесе жағдай; адамдарға көп уақыт үйде қалу немесе тұрақты болу керек деп айтылатын уақыт.
«Локдаун» сөзі күнделікті өмірде COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін қолданылған. Көбінесе бұл қауіп-қатерге байланысты мектептерді немесе басқа мекемелерді уақытша жабуға қатысты қолданылды. Мысалы, АҚШ пен Ұлыбританияда атыс немесе басқа оқиға болған мектептерде локдаун енгізіліп келген.
Қорыта айтқанда, «локдаун» сөзі түрмеде шықпаған және оны мәжбүрлеп бас бостандығынан айыру жағдайында қолдану оның мағыналарының бірі ғана болып табылады. Локдаун сөзін пандемия жағдайында қолдану бүкіл әлемді түрмеге айналдыруға тырысады дегенді білдірмейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button