Фейк: «COVID-19 қарсы вакцинациядан ЖКО апаттарының саны артып келеді»
Telegram-да COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация егілген адамдар арасында жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкелді деген теория таратылуда. Бұл рас па? Анықтайық.
Сөзін растау үшін хабарлама авторы австралиялық сенатор Джерард Ренниккаға сүйенеді. Ол вакцинацияланған адамдар егілмегендерге қарағанда өзін-өзі басқара алмай, апатқа ұшырайды деп бірінші болып мәлімдеді.
Джерард Рейнник – COVID-19 қарсы вакциналарға қатысты біржақты пікірде. Пандемия басталғаннан бері ол вируспен қалай күресуге болатыны және оның қаншалықты қауіпті екендігі туралы әртүрлі қастандық теориялары мен ғылымға қарсы идеяларды қолдаған.
Оның теориясы жаппай вакцинация жол-көлік оқиғаларының санына әсер етті деген теориясы объективті фактілерге қайшы келеді. Австралияда соңғы жылдары тіркелген апаттардың статистикалық көрсеткіштерімен Инфрақұрылым мен көлікті экономикалық зерттеу бюросының ресми сайтында танысуға болады. 2021 жылғы есепте соңғы он жылда елдегі өлім-жітім саны 13,6%-ға төмендегені айтылған. Сонымен қатар оқиға салдарынан адамдар ауруханаға жеткізілген апаттар саны артты. Есепте бұл жағдайдың мән-жайы түсіндірілген: соңғы он жылда Австралия халқының саны 13,2%-ға өсті. Нәтижесінде, жолдарда көліктер көбейді, яғни, статистикалық тұрғыдан апат ықтималдығы ұлғайды.
Жалпы, COVID-19 қарсы вакциналар адамның көлік құралын басқару қабілетіне қандай да бір әсерін тигізетініне ғылыми дәлелдер жоқ.
Осыны және теорияның осы түрін жоққа шығаратын статистиканы ескере отырып, таралған ақпарат фейк деп айтуға болады. COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация жол-көлік оқиғаларының статистикасын арттырған жоқ.