Fake News

Фейк: «Еуропалық саясаткерлерге екпе жабық шприцпен жасалуда»

Бельгиялық министр Барт Сомерске COVID-19 қарсы екпе қақпағы ашылмаған шприцпен жасалғандығы туралы видео. Кейбіреулердің пікірінше, бұл вакцинация науқаны қарапайым тұрғындарды қауіпті препаратпен егілуге сендіруге бағытталған қойылым екендігінің дәлелі. Бұл олай емес.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Темиртау Таймс | Temirtau (@temirtau.times)

Шын мәнінде, министрге екпе жасау сәті түсірілген кадрлар оның Бельгияның Фламандия аймағында жаңадан ашылған вакцинация орталығына барған кездегі репортаждан алынған.


Сол күні саясаткердің COVID-19 қарсы вакцина алғаны немесе алатыны жоспарланғаны туралы хабарланған жоқ.
Түпнұсқа репортаждан алынған кадрлар егу науқанының жалған екендігін дәлелдеу үшін таратыла бастағаннан кейін, Барт Соммерс AFP басылымына осыған қатысты пікірін білдірді.
– Біз тағы да фейк жаңалықтардың қауіптілігін көріп отырмыз. Осы аптада бірнеше фламандиялық вакцинация орталығында сынақтар басталады. Вакциналар қолжетімді болғанда бәрі жақсы болатынына көз жеткізу үшін әртүрлі вакцинация орталықтары сынақтан өтеді. Мысалы, олар адамды вакцинациялауға қанша уақыт кететінін және үлкен кезектердің болуын бақылайды. Адамдардың бұл сәтті фейк жаңалықтар тарату үшін қолдануы жауапсыздық және қауіпті», – деді ол.
Сондай-ақ, министр өзінің Twitter-дегі парақшасында COVID-диссиденттердің айла-шарғыларына сенбеуге шақырды.

Бұған дейін мұндай фейк Тиршенройт қаласының аудан әкімшісі туралы тараған болатын. Ол кезде де кадрлар саясаткердің жақында ашылатын вакцинация орталығына барғаны туралы репортаждан кесіп алынған еді.

Фейк: «Шенеуніктер жабық шприцпен егілді»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button