Жаңалықтар

Фейк: «COVID-19-ға қарсы егілген онлайн-казино дилері тікелей эфирде есін жоғалтты»

Танымал қазақстандық Telegram-арнада пайдаланушылар онлайн-казиноның тікелей эфирінің үзіндісімен бөлісті. Видеода жас дилердің кенеттен тұрып қалып, есінен танғаны көрсетілген. Чат мүшелерінің айтуынша, ол COVID-19 қарсы вакцинаның екі дозасын алған. Аяқ астынан есінен танып құлауына нақ осы себеп болған екен. Бұл жалған.


Шын мәнінде, қыз есінен танып қалған жағдай көрсетілген тікелей эфир 2020 жылдың 22 наурызында өткен. Бұл оқиғадан кейін видео желіде вирустық сипатқа ие болды.
Онлайн-казино қызметкері COVID-19 қарсы вакцина алмаған. Себебі вакцинаның алғашқы клиникалық сынақтары 2020 жылдың 5 мамырында, яғни түсірілімнен бір жарым ай өткен соң басталды. Ал вакцинаның клиникалық сынақтардан тыс алғашқы дозасы тек 8 желтоқсанда ғана егілді. Оны 90 жастағы Ұлыбритания тұрғыны Маргарет Кинэн салдырды.
Бұл қыздың клиникалық зерттеулерге қатыспағанын және жалпы негізде COVID-19 қарсы вакцина алмағанын дәлелдейді. Ол есінен танып қалған тікелей эфирді түсірген кезде әлем бойынша КВИ-ге қарсы вакциналардың ешқайсысын адамдарда сынау басталмаған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button