Fake News

Манипуляция: «Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейі күрт төмендеді»

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заң жобасына қарсы адамдар заң жобасы пысықтауға жіберілгеннен кейін Қазақстанда отбасыларда зорлық-зомбылық жағдайларының саны күрт азайды деген теорияны алға тартты. Олардың пікірінше, отандық БАҚ жазған балалар мен әйелдерге физикалық және сексуалдық зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары жалған және азаматтарды заңды қабылдау қажет екендігіне сендіру үшін жасалған. Бұл олай емес.


Балалар мен әйелдерді қорлаудың атышулы жағдайларының болмауы туралы шағымдар қайшылықты. Кейбіреулер олардың болмағанына қуанса, басқалары мұны күмәнді деп санайды және оны «Оотбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заң жобасын қайта қарауға жіберілгенімен немесе заң жобасына қарсы тұлғалар айтатындай, «кері қайтарылғанымен» байланыстырады.
Заң жобасы әлі қаралып жатқан кезде, бұқаралық ақпарат құралдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бірнеше өрескел жағдайлары туралы хабарлағаны рас. Оқиғалардың бірінде Түркістан облысының тұрғыны, күйеуі оны және балаларын үнемі ұрып-соғып жүргенін айтып берген. Заң жобасына қарсы тұлғалар мұны фейк тапты, бірақ ақпарат расталды. 2020 жылғы желтоқсанда анасы суықта іш киіммен далаға шығарып жіберген қыз туралы оқиға қазақстандықтарды дүрліктірді. Кейін анасы қаржылық мәселелер мен өмірдің қиындығынан осындай әрекетке бардым деп ақталды. 
Жалпы, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейі жоғары және билік тарапынан белсенді іс-әрекеттер қабылдануы тиіс екендігі жайлы белсенділер «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заң жобасы әзірленгенге дейін айтқан болатын. Атап айтқанда, 2012 жылы мамандар балаларға, оның ішінде отбасында зорлық-зомбылық көрсету жағдайларының саны тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті. Бұған «сенім телефондарына» келіп түскен қоңыраулар санының екі есе өскені дәлел бола алады. 
2018 жылы қазақстандық отбасылардағы зорлық-зомбылық деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда 103,7%-ға артқан. Орта есеппен алғанда, елімізде жыл сайын агрессорлардың қолынан 400-ге жуық әйел қайтыс болады. 
2019 жылы дағдарыс орталықтарында күйеулерінен жасырынған әйелдердің әңгімелері жарияланды.
2020 жылы жағдай нашарлай түсті: қатаң карантин кезеңінде тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының саны 25%-ға өсті.
Осыған байланысты «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы отбасыларды қорлау мен ұрып-соғу мәселесін шешуге және қорқынышты статистиканы азайтуға бағытталған.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының саны туралы 2021 жылғы деректер әлі жоқ. Алайда, мұндай қылмыс деңгейінің күрт төмендеуі туралы айтуға да негіз жоқ.
БАҚ-та қазақстандық отбасыларда зорлық-зомбылық пен қорлаудың өрескел жағдайлары туралы хабарламалардың болмауы «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасының пысықтауға қайтарылғанымен байланысты емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button