Fake News

Желіде Нұр-Сұлтанда пойызға құлаған вокзал шатырының ескі видеосы таратылуда

Қазақстандықтар ескі видеоны тағы да таратуда, онда шатыр құрылымының бір бөлігі рельсте тұрған құрамға құлағаны көрсетілген. Бұл кадрлар 2017 жылы түсірілген.

Оқиға 2017 жылғы 25 қаңтарда орын алған.
– Бұл қатты желдің екпіні мен қалың қардың салдарынан болды, – деп түсіндірді  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ вокзал шаруашылығы департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев оқиға орнында.

Бақытымызға орай, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Шатыр қалқасы құлаған Астана-Лениногорск бағытындағы пойыз жолаушыларының жартысы вагонда болған, басқалары перронға өтіп үлгермеген.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7707 739 55 99 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button