Fake News

Фейк: «Pfizer шығарған вакцина жүрек қатерлі ісігін тудырады»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Pfizer/BioNTech компаниялары өндірген Comirnaty вакцинасын талқылауда, оны елімізде жүкті, бала емізетін және 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау үшін қолданады. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, препарат өте қауіпті, себебі бұл жүрек қатерлі ісігін тудырады. Бұл жалған.


Мұндай болжамдар сирек жанама әсерлер – бұған дейін перикардит және миокардит, жүрек бұлшықетінің және оның қабығының қабынуы туралы хабарланғандықтан шыққан болар. Бұл туралы ақпарат Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми сайтында жарияланған. Онда жанама әсерлер болған пациенттердің көбі қысқа уақытта тез және толық емделді делінген.
Бүгінгі күні ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізілді, олардың нәтижелері Nature ғылыми журналында жарияланды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, перикардит немесе миокардит қаупі шамамен 1:50 0000 құрайды. Осы мәліметтерді алу үшін зерттеушілер Израильде 2020 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы мамырға дейін Pfizer/BioNTech вакцинасын алған 16 жастан асқан адамдар туралы ақпаратты талдады. Алынған мәліметтер, сондай-ақ, 95% жағдайда перикардит пен миокардит өте жеңіл түрде өтіп, салдары бомлайтынын көрсетті.
COVID-19 қарсы вакцинациялау мен онкологиялық аурулардың байланысы туралы қауесеттер толығымен негізсіз және оны ғалымдар мен фактчекерлер бірнеше рет теріске шығарған.
Ғылыми деректерге сәйкес, КВИ қарсы вакцинация онкологиялық аурулардың даму ықтималдығын арттырмайды. Сонымен қатар, қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың айтуынша, олардың жағдайы вакцинациядан кейін нашарламаған, сондай-ақ ісіктердің көбі айтарлықтай өзгерген жоқ.
Демек, Comirnaty вакцинасы жүрек қатерлі ісігіне әкеледі деген ақпарат өтірік.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button