Fake News

Фейк: «Қазақстанда вакцинацияға наразылық білдірген дәрігерлер жаппай жұмыстан шығуда»

Желі қолданушыларын қазақстандық және ресейлік дәрігерлер COVID-19 қарсы вакцинацияға наразылық білдіріп, жаппай жұмыстан шығып кетуде деген хабар алаңдатуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.


Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанда дәрігерлердің жаппай жұмыстан кету үрдісі байқалмайды.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Дәрігерлер ерікті түрде вакцинацияланады, біз ешкімді мәжбүрлемейміз. 22 ақпандағы жағдай бойынша «Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентімен 20 195, екіншісімен – 2 138 медицина қызметкері егілді, – деп хабарлады министрліктен.

Ресейде де дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жаппай жұмыстан кетуі туралы хабарланған жоқ.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button