Ғылым және жоғары білім министрлігі Атырау инженерлік-гуманитарлық институтқа лицензияны қайтару туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазнетте Атырау инженерлік-гуманитарлық институтқа сот шешімі бойынша лицензияның қайтарылғаны туралы ақпарат тарады. Рұқсат құжаты заңсыз қайтарылған екен. Бүл ақпаратты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жоққа шығарды.
– Ғылым және жоғары білім министрлігі жарияланған Атырау инженерлік-гуманитарлық институтқа лицензияны қайтару туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Институт ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша бас лицензиядан айырылды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Атырау инженерлік-гуманитарлық институттың студенттерінің көбі бүгінде батыс өңірінің басқа жоғары оқу орындарында, соның ішінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде және С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде оқуын жалғастыруда.