Манипуляция: «FDA атқарушы директоры фармацевтикалық компаниялар вакциналарды мақұлдау үшін пара беретінін мойындады»
Қазнет қолданушылары FDA, АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының атқарушы директоры ірі фармацевтикалық компаниялар басқармаға олардың вакциналарын мақұлдау және міндетті вакцинацияны қолданысқа енгізу үшін жүздеген миллион доллар төлейтінін мойындады. FDA бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Атқарушы директор Кристофер Коул кездесу барысында бірнеше миллион долларлық пара алғаны жасырын камерамен түсірілгені туралы айтты. Оның серіктесі ретінде Project Veritas журналисі болғаны белгілі болды.
Кейін Кристофер Коул оның өзі алданып қалғанын және сөздері контекстен үзіп алынғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, FDA баспасөз қызметі Кристофер Коулде вакцинацияға қатысты мәлімдемелер жасау үшін қажетті ақпарат жоқ екенін айтты.
– Видеодағы адам вакциналармен байланысты салада жұмыс істемейді. Ол басқарманың мүддесін қорғамайды және FDA атынан сөйлей алмайды», – деп хабарлады ведомство Mail Online порталына.
The News & Observer порталы да FDA ресми өкілінің, басқарманың вакцина бағасын белгілеуге немесе кез келген ауруға қарсы міндетті иммундауды жариялауға құқығы жоқ деген сөздерін келтірді.
«COVID-19 пандемиясының алғашқы күндерінен бастап FDA әрқашан ғылымды ұстанды», – деп хабарлады басқармадан.
Сондай-ақ, Project Veritas – бұл бұған дейін жалған ақпарат таратқан ультра оңшыл ұйым.
Бұл ұйым өзінің беделін жоғалтты және саяси күн тәртібінен ақпарат таратуда біржақты болып саналады. Оның негізін қалаушы және жетекшісі Джеймс О ‘ Кифи федералды меншікке жалған сылтаумен кіргені үшін сотталды. Ол компромат табу үшін сенатор Мэри Лэндрюдің кеңсесіне кірмек болып, ұсталған, оған айыппұл салынып, бір жылға шартты түрде сотталды.
Осылайша, FDA қызметкері басқарманың COVID-19 қарсы вакциналарды мақұлдау үшін пара алғанын мойындағаны туралы ақпарат манипуляция және фактілерді бұрмалау болып табылады.