Медициналық фейктер

«Израильде COVID-19 қарсы вакцинадан кейін әйелдерде циклдің бұзылуы» – дәлелденбеген

Қазнет қолданушылары Израильде коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін көп әйел циклдің бұзылуына және ауыр қан кету жағдайларын айтып, шағымданған деген хабарлама таратуда. Сондай-ақ, бұл туралы Израиль Акушерлік және гинекология қауымдастығының төрағасы мәлімдегені айтылады. Бұл ақпараттағы шындық пен өтірікті анықтайық.

Желі қолданушыларының бірінің Инстаграмдағы парақшасында стористе тақырыбы иврит тілінде жазылған хабарлама жарияланды. Мәтін аудармасы «Израильде көп әйел коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін циклдің бұзылуына және қатты қан кету жағдайларына шағымдануда» делінген. Постқа сәйкес, Израиль Акушерлік және гинекология қауымдастығының төрағасы бұл жағдайға түсініктеме берген. Ол вакцинация мен қан кетудің арасында тікелей байланыс көріп тұрмағанын айтқан.

Жаңалық Израиль БАҚ-тарында жарияланды. Ол Facebook-те Talking about Vaccines атты форумда бірнеше әйел SARS-CoV-2-ге қарсы вакцинациядан кейін етеккірдің ерте келуі мен қан кету жағдайлары туралы хабарлаған соң тараған. Әлеуметтік желілерде бұл өзгерістердің вакцинацияның жанама әсері болуы мүмкін екендігі пікірталас тудырды.

Израиль Акушерлік және гинекология қауымдастығының төрағасы Рони Маймон осыған қатысты Israel Hayom-ға түсініктеме берді.

«Мен бұл туралы естідім, бірақ вакцина мен ерте басталуы немесе қан кетудің арасындағы тікелей байланысты көріп тұрғаным жоқ, бірақ жанама себептері де болуы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Пандемия кезінде әйелдердің гормоналды циклінде мұндай өзгерістер орын алуы ықтимал. Бұл өмір салтын өзгертуге, стресстің артуына немесе тамақтану әдеттерінің өзгеруіне байланысты болуы мүмкін».

Израильдің әртүрлі медициналық орталықтарының дәрігерлері де осы жағдайға түсініктеме беріп, етеккір циклінің өзгеруіне көп нәрсе әсер етуі мүмкін екенін атап өтті, оның ішінде стресс, ақыл-ой және физикалық белсенділік те.

«Менструалдық цикл гипофиздің гормоналды бақылауында болады, оның қызметі физикалық немесе эмоционалды стресстік оқиғаларға жауап ретінде өзгереді немесе уақытша тоқтатылады. Болжамдарға сәйкес, мұндай оқиғалар кортизол секрециясының тұрақты сипатын өзгертеді және организмдегі барлық гормоналды жүйелердің жұмысына әсер етеді.
Кейбір вакциналардың әсері физиологиялық стресс тудыруы мүмкін және кортизол деңгейін біршама жоғарылатуы мүмкін, сондықтан кейбір әйелдерде бұл қан кетуге ықпал етуі мүмкін», – делінген Мидаат қоғамдық ұйымының гинекологтары дайындаған материалда.

 

«Ерекше уақытта қан кету сирек болмайды. Бұл әйелде бала туушылық жас басында, бала туушылық жас соңында және бала тууға қарсы гормоналды дәрілер қабылдайтын әйелдерде болуы мүмкін. Менструация ақыл-ой белсенділігіне, ауруларға, гормоналды фондағы кез келген өзгерістерге өте сезімтал», – дейді гинеколог доктор Итамар Нетцер

Израильден тыс жерлерде вакцинациядан кейін мұндай жағдайлар туралы хабарланбаған. Сонымен қатар, АҚШ вакциналарының жанама әсерлерін мониторингтеу жүйесінде (VAERS) вакцинацияланған әйелдерде етеккірдің бұзылуы туралы хабарламалар жоқ.

Вакцинация жоспарлы режимде жалғасуда. Әлемде Израиль халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жылдамдығы бойынша көш бастап тұр. Тұрғындардың жартысынан көбі вакцинаның бірінші бөлігімен егілді.
 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button