Фейк: «Күлгін түсті пияз бауырды тазалауға септігін тигізеді»
Қазнет қолданушылары бауырды тазалауға арналған рецептілермен бөлісуде. Күлгін түсті пияз барлық зиянды заттарды шығарады екен, нәтижесінде адамдар ауыруын қояды. Бұл рас па, анықтайық.
Бауырды қандай да бір жолмен тазарту керек деген теориядан бастайық. Бұл – алаяқтар жақсы табыс табатын миф. Бауырда ешқандай зиянды заттар жиналмайтын орган және мезгіл-мезгіл тазартып, жаңасына ауыстырып отыратын фильтр емес.
Бауырды кейде өт сұйықтығынан ғана «тазалау» керек. Мұны дәрігермен кеңескеннен кейін және қатаң түрде оның тағайындауларына сәйкес жасалады. Өндірушілері белгісіз халықтық дәрі-дәрмекті, әртүрлі шөптік препараттарды және «ғажайып дәрі-дәрмекті» қолданудың салдары гепатит немесе хирургиялық араласу қажеттілігі сияқты елеулі жанама әсерлерге әкелуі мүмкін.
Күлгін түсті пияз – пайдалы көкөніс, бірақ оның өт айдау қасиеті жоқ және бауырға оң әсер ете алмайды. Күлгін түсті пияздың бактерияға қарсы әсері, оның ішек, тамақ және аналық без қатерлі ісігінің даму қаупін азайту, сүйек тінін нығайту және ас қорыту процесіне оң әсер ететіні ғалымдарға мәлім. Дегенмен, пияздың өзі ешқандай ауруды емдемейтінін білген жөн. Оны жеу аурудың алдын алу жолдарының бірі және адам салауатты өмір салтын ұстанған жағдайда денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Демек, таралған ақпарат екі мифтен тұрады: бауырды тазарту керек және оны күлгін түсті пиязбен жасауға болады. Бұл пайдасыз кеңес.
Баршаңызды өз бетінше емделмеуге және Желіден алынған «рецептілерге» сенбеуге шақырамыз. Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз немесе бойыңызда белгілі бір аурудың белгілері болса, дереу дәрігерге қаралыңыз.