Fake News

Қазақстанда жәрдемақыларды электрондық ақшамен төлеу «цифрлық құлдыққа» алып келмейді

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасын талқылауда. Онда атаулы әлеуметтік көмек енді электрондық әмиянға электрондық ақшамен төленуі мүмкін делінген. Кейбір пайдаланушылар бұл сөздер күмәнді деп санайды және мұндай шаралар «цифрлық құлдықа» әкеледі деп қауіптенеді.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасы egov.kz порталында орналастырылған. Онда «электрондық ақша» және «электрондық әмиян» терминдері бар.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық ақша электрондық нысанда сақталады және оны жүйенің басқа қатысушылары төлем құралы ретінде қабылдайды. Бұл ретте Қазақстан аумағында шығарылатын электрондық ақша тек теңгемен көрсетілуі тиіс. Оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы ғана шығаруға құқылы.

Электрондық әмиян – бұл электрондық ақшаны сақтау және есепке алу құралы.

Қазіргі кезде Қазақстанда клиенттерге өздерінің электрондық әмияндарын ашу мүмкіндігін 20 компания ұсынады. Олардың ішінде Qiwi, Wooppay, «КазЕвромобайл» және т.б. бар.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңның 42-бабының 6-1-тармағына сәйкес, әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдерді есептеу электрондық ақшамен де жүргізілуі мүмкін. Бұл норма 2021 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді.

Бұл ретте төлемдер мен жәрдемақылар жеке емес, мемлекеттік электрондық әмияндарға ғана аударылатын болады. Электрондық ақшаны терминал немесе банкомат арқылы электрондық әмияннан алуға болады. Ақшаны алу үшін комиссия ҚР заңнамасымен, сондай-ақ алушылардың карталары мен банктік шоттарына қаражат аудару жағдайымен реттелетін болады.

Демек, жәрдемақылар мен төлемдерді есептеу үшін электрондық әмияндар мен ақшаны пайдалану «цифрлық құлдық» емес. Бұл қаражатты да басқа ақша сияқты алуға және өз қалауыңыз бойынша жұмсауға болады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button