Fake News

Фейк: «Қытайда күрішті пластиктен жасайды»

Instagram қолданушылары пластиктен күріш жасау барысы түсірілген видеоны талқылауда. Бұл фейк. Роликте мүлдем басқа процесс көрсетілген. Бұл Қытайда емес, Үндістанда болған жағдай.

Дереккөз – @workskillmasters Instagram аккаунты. Парақшада қағаз, тұз, сабын және т.б. заттар шығаратын өндіріс түрлері туралы айтылады. Майдың ескі бөшкелерін, пластик пен шыны бөтелкелерді және т.б. қайта өңдеуге ерекше назар аударылады.

Күріш жасау барысы түсірілген видеода шын мәнінде пластик пакеттерді өңдеу процесі көрсетілген. Оны жаңа өнімдер жасау үшін қолданылатын пластик дәнге айналдырады. Бұл материалдар қаптама, автомобильдер, тоқыма және жиһаз өндірісінде қолданылады. Сонымен қатар, түйіршіктерден тұтыну тауарлары да жасалады. Мысалы, сөмкелер мен бақша орындықтары. Пластик дән құрылыс материалдарын шығаруға да жарамды.

Демек, пластиктен күріш жасайтыны туралы видео – фейк.

2023 жылы осыған ұқсас жалған ақпарат тараған, онда пластик күрішті табиғи күріштен қалай ажыратуға болатындығы туралы кеңестер берілген.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button